«Балалар кітапханасы» бағытын іске асыру мақсатында ата-аналарға арналған «Оқырман ана» тақырыбында дөңгелек үстел
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің кітапханасында 2024 жылдың 29 ақпан күні «Балалар кітапханасы» бағытын іске асыру мақсатында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің барысында мектеп кітапханашысы ата-ана баланың өміріндегі ең басты ұстаздар екенін айтты. Бала оқып үйрене бастаған кезде ата-ана ретінде баланың дамуы мен кітапты құрметтеуіне, кітапты сүюіне әсер ете алатындығы туралы баяндады. Кітапханашы тек пайдалы кеңестер беріп қана қоймай, кітаптар туралы әңгімелескенді, кітаптың құндылығы мен маңыздылығы жайлы ақпарат берді. Ата-аналар дөңгелек үстел барысында кітапхана қорындағы кітаптармен танысып, өздеріне қызықты көркем шығармалармен ой бөлісті. Мектеп кітапханашысы сөз соңында балаларының ата-анасының кітап оқуын көріп, одан үлгі алу керектігін айтып өтті.