«Менің отбасым кітап оқиды» отбасылық кітап оқу
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасын «Балалар кітапханасы» бағдарламасын
жүзеге асыру бағытында
«Менің отбасым кітап оқиды» отбасылық кітап оқу
Анықтама
Мақсаты: Оқырмандар арасында кітап оқуды насихаттау, отбасында бірге кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ата-ана мен баланың өзара байланысын нығайту және оқуға деген қызығушылығын арттыру.
2025 жылы қараша айының 26-шы жұлдызында «Балалар кітапханасы» бағдарламасын
жүзеге асыру бағытында Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында «Кітапты отбасымен бірге оқимын» атты отбасылық оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған іс-шара өткізілді. Шара барысында ата-аналар мен оқушылар өздері оқыған кітаптарымен бөлісіп, әсерлерін айтып өтті. Жетпісовтар отбасы белсенді қатысып, өздерінің сүйікті кітаптары мен отбасылық оқу дәстүрлері туралы әңгімеледі.Сүйікті шығармаларынан үзінділер оқыды. Қатысушылар бірлескен оқудың бала дамуына әсері туралы ойларын бөлісіп, отбасылық оқу тәжірибесін кеңейтудің маңызын атап өтті. Отбасылардың белсенділігі кітапхананың оқу мәдениетін дамытудағы маңызды қадамдардың бірі болды.


