28
ноябрь
2024
«Қазіргі отбасылық оқу дәстүрлері» Оқырмандармен әңгіме
Мектебімізде 7- сынып оқушыларының ата- аналарымен «Балалар кітапханасы» бағыты бойынша «Қазіргі отбасылық оқу дәстүрлері» тақырыбында оқырмандармен әңгіме жүргізілді. Әңгімелесу барысында ата-аналарға сұрақтар қойылып, балаларымен оқыған кітаптарынан үзінді келтірді. Шараға қатысқан ата-ана О. Тулегенова бұл жобаның берері көп екенін, және үйде кітап оқуды да қолға алғандықтары туралы айтты.
Шара соңында мектеп кітапханашысы әңгімелесуге келген ата- аналарға кітап оқудың пайдасы мол екендігін айтып, отбасы мүшелерімен, балалармен кітап оқуға шақырды.