«Менің отбасым кітап оқиды» отбасылық кітап оқу
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында
Халықаралық қарттар күніне
«Менің отбасым кітап оқиды» отбасылық кітап оқу
Анықтама
Мақсаты:Халықаралық қарттар күніне орай ата-әже мен немерелер арасындағы рухани байланысты күшейту;отбасылық кітап оқу дәстүрін насихаттау;үлкенді құрметтеуге, кітап оқуға, отбасылық бірлік пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2025 жылы қазан айының 02 күнінде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Халықаралық қарттар күніне «Менің отбасым кітап оқиды» атты іс-шара өтті. Кітапханашы кітап оқудың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы айтып, ата-аналар мен ата-әжелерге жас ерекшеліктеріне сай әдебиеттер ұсынды. Қатысушылар арасында әдеби викторина мен шағын шығармашылық тапсырмалар өткізілді.Іс-шара өте әсерлі, мазмұнды өтті. Қатысушылар отбасы мүшелерінің кітап оқу арқылы бір-біріне жақындай түскенін айтты. Ата-аналар мен ата-әжелер мектеппен тығыз байланыс орнатуға ниет білдірді. Бұл кездесу оқушылар бойында үлкенге құрмет, кітапқа қызығушылық, отбасылық құндылықтарды дәріптеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

