«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Ізден,талаптан,оқырман» «Әдеби джем ойыны» туралы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Ізден,талаптан,оқырман» «Әдеби джем ойыны» туралы
29
ноябрь
2021

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Ізден,талаптан,оқырман» «Әдеби джем ойыны» туралы

                                               Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ                          29.11.2021ж.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген 
«Ізден,талаптан,оқырман»
«Әдеби джем ойыны» туралы анықтама
Өткізілген күні: 29.11.2021 ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы  «Оқуға құштар мектеп» бұрышы
Қатысқандар: 9, 10 сыныбы
Мақсаты: Өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру,кітап оқуға деген қызығушылығын ояту,оқу мәдениетін қалыптастыру,көркем шығармаларды қуды насихаттау,кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту.
        Білімнің түпсіз аспаны,терең бастауы,рухани қазына, байлық,өмір айнасы, заманы сыры,тарих шежіресі,оқу-тәрбие құралы бұл теңеулердің барлығы бір ғана құндылыққа яғни кітапқа ғана айтылған тіркестер.Осы орайда,мектеп-кітапханасында кітапхана оқырмандарын рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру,оқушылар арасында кітап оқуды тиімді насихаттау. «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүзеге асыру мақсатында «Ізден,талаптан,оқырман», «Әдеби джем ойыны» ойыны 9 «А» және 10 «А» сыныптары арасында ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шарада бірінші «Сөз маржанын терейік!» мақал-мәтел жарысын жүргіздік,екінші кезен «Ізден,талаптан,оқырман» атты бөлімінде 
«Әдеби джем» ойыны ойнатылды.
Әрбір оқушы оқуға тиіс «100 кітап» жобасына енген кітаптардан,қазақ поэзиясының әйгілі тұлғаларының шығармаларынан Ш.Мұртаза «Ай мен Айша»,С.Сейфуллин «Аққудың айырылуы»,Ш.Айтматов «Қызыл алма»,М.Мақатаев «Үш бақытым» т.б. кітаптағы басты кейіпкерлер мен оқиға орнымен байланысты парақтарды көшірмеден өткізіп,шағын үзінділер немесе өлең шумағтарынан қиып алынған қағаздарды банкілерге салып,банкінің аузы байланып оқушыларға ұсынылды.Қатысушылар кітаптың немесе шығарманың атын табуға мүмкіндік жасадық.Білім алушылар әртүрлі түспен байланған банкілерден оқығандарын еске түсіріп табуға тырысты.9-10 сынып оқушылары   арасында өткен «Әдеби джем» ойыны  өте қызықты болып оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, ізденуге талпынысын ашты.Қатысқан оқушылар өздері сүйіп оқыған кітаптарын бір-біріне оқуға кеңес беріп,көркем шығармалармен алмасты.
Суретте іс-шарадан көрініс:

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: