20
июнь
2025
Жергілікті өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 20 маусым күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларды әлеуметтендіру және отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында жергілікті өлкетану мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Балалардың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру.
- Отанға, отбасыға, үлкендерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
- Әлеуметтік ортада өзін ұстау, қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
Саяхат барысында оқушылар мұражай залдарын аралап, ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігімен, ұлттық құндылықтармен, тарихи жәдігерлермен танысты. Экскурсия жетекшілері әрбір экспонаттың маңызын түсіндіріп, оқушылармен сұхбат жүргізді. Балалар сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
Мұражайға саяхат оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне оң әсер етіп, олардың отбасылық және ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын тереңдете түсті. Іс-шара тәрбиелік әрі танымдық тұрғыда тиімді өтті.