Мектебіміздің 5 «А», 5 «Ә», 5 «В» сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары Мерке аудандық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Мектебіміздің 5 «А», 5 «Ә», 5 «В» сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 5-сынып оқушылары Мерке аудандық тарихи өлкетану мұражайына саяхат жасады
Саяхатқа барған оқушылар саны-34. Барлық балалар музейді үлкен қызығушылықпен аралады. Әсіресе, тірі және өлі табиғат, археология бөлімі балаларды таң қалдырды. Ол жердегі теңіз жануарлары мен ірі жануарлардың қатып қалған сүйектерін көргенде таң қалысты. Меркі тауларынан табылған тастан жасалған түрлі еңбек құралдарын да көрді. Осы сәтте тас дәуірі бөлімі бойынша өтілген материалдар да еске түсті. Онда қыштан жасалған әртүрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар, су құбырлары, шырағдандарды және де балбал тас мүсіндерін де тамашалады. Шыныдан, қоладан жасалған әртүрлі бұйымдар, өткен тарихтан сыр шертетін ою - өрнегі ерекше кірпіштердің сынықтары да балаларды ерекше сезімге бөледі.
Мерке аудандық тарихи - өлкетану мұражайына саяхат балаларға терең ой салды. Қасиетті өлкеміздің тарихымен танысып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын рухани құндылықтарды, тарихи жәдігерлерді қадірлеу қажеттігін ұғынды. Сондай - ақ, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеулері керек екендіктерін түсінді. Балалар өздеріне қажетті мол ақпараттар алып, әр жәдігердің өлкеміздің терең тарихынан сыр шертетін баға жетпес қазына екендігін ұғынды.
![](/uploads/posts/2022-11/1669114632_1669114484066.png)
![](/uploads/posts/2022-11/1669114639_1669114497521.png)