04
июнь
2025
«Есірткіні жасырып кетушілер кімдер?» тақырыбында құқықтық түсіндіру дәрісі
2025 жылдың 4 маусым күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған «Есірткіні жасырып кетушілер кімдер?» тақырыбында құқықтық түсіндіру дәрісі өткізілді.
Мақсаты: - Оқушыларға есірткі таратудың жаңа тәсілдері, соның ішінде «жасырып кетуші» деген ұғымды түсіндіру.
- Құқықтық жауапкершілік туралы нақты ақпарат беру.
- Жасөспірімдерді құқықбұзушылықтан сақтау және сақ болуға баулу.
Дәрісті мектеп инспекторы Қ.Шолпанқұлов және ДҚТЖО Н.Шалданбаев бірлесіп жүргізді. Оқушыларға «жасырып кетуші» (закладчик) қызметінің мәні, олардың интернет арқылы тартылу тәсілдері, жасырын түрде есірткі тарату жолдары мен бұл әрекеттің қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні туралы нақты мысалдармен түсіндірілді. Жағдаяттық сұрақтар қойылып, алдын алу шаралары айтылды.
Дәріс оқушылардың есірткі қылмысы туралы түсінігін кеңейтіп, сақтық шараларын күшейтуге ықпал етті. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттерін ұғынып, заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға ниет білдірді