«Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары» тақырыбындағы дәріс » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары» тақырыбындағы дәріс
20
май
2025

«Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары» тақырыбындағы дәріс

Ағымдағы жылдың мамыр айының 20 күні 10-сынып оқушыларына арналған «Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары» тақырыбындағы дәріс – оқушылардың құқықтық білімін кеңейту, қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік беру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шара                                                                   Дәрістің мақсаты:
- Қылмыс пен қылмыстық теріс қылық ұғымдарының мәнін түсіндіру.
- Олардың арасындағы айырмашылықты нақты мысалдармен көрсету.
- Жасөспірімдерге қылмыстық әрекеттердің салдарын ұғындыру.
- Заңға бағыну, тәртіпті сақтау және жауапкершілікпен әрекет етуге тәрбиелеу.
   Дәрісті мектеп әкімшілігі ДҚТЖО Н.Б.Шалданбаевтың ұйымдастыруымен жүргізді. Қылмыс ұғымы, оның түрлері, қылмыстық теріс қылықтың ерекшеліктері мен заңдық салдары туралы кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, жағдаяттар бойынша талдау жүргізілді. Сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылардың пікірлері тыңдалды.
     Дәріс оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеруге, қылмыстық әрекетке жол бермеудің маңызын түсіндіруге үлкен үлес қосты. Жасөспірімдер қылмыстық жауапкершіліктің ауыр салдары бар екенін ұғынып, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға бағыт алды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: