«Балалар үшін терезе қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балалар үшін терезе қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді
21
май
2025

«Балалар үшін терезе қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді

Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларына «Балалар үшін терезе қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізіліп, арнайы бейнеролик көрсетілді. Бейнеролик көрсетудің мақсаты: Оқушыларға терезе маңында ойнаудың қауіпті екенін түсіндіру
- Қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін үйрету;
- Оқушылардың өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу.
     Сынып жетекшілері оқушыларға бейнеролик арқылы терезе қауіпсіздігі туралы нақты және түсінікті ақпарат ұсынды. Роликте терезе маңында ойнауға болмайтыны, москит торының сенімсіздігі, ересектердің қарауынсыз терезе ашық қалдырмау керектігі нақты көріністермен көрсетілді. Бейнероликтен кейін оқушылармен сұрақ-жауап және шағын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Оқушылар терезе маңындағы қауіп туралы нақты түсінік алды. Бейнеролик визуалды түрде әсер етіп, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруда тиімді құрал болды. Іс-шара балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында маңызды қадам болды

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: