11
февраль
2025
«Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында ДҚТЖО Н.Шалданбаевтың ұйымдастыруымен 11 ақпан күні мектеп инспекторы Қ.Шолпанбаев 9-11 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс тақырыбының басты мақсаты: Білімалушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу мен заңды жауапкершілік туралы ақпараттандыру. Құқық бұзушылықтардың қоғамға келтіретін зиянын түсіндіру, азаматтардың заңды талаптарды білуін және орындауын насихаттау, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру болып табылады.

