24
февраль
2025
«Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығының іс-шаралар жоспарына сай «Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?» тақырыбында 10-11 сыныптың білім алушыларымен сынып жетекшілері дөңгелек үстел өткізді. Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, оны болдырмау жолдары мен әдістерін талқылау. Қатысушылар құқық бұзушылықтардың қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зиянын түсініп, оны болдырмаудың тиімді жолдарын ұсыну арқылы құқықтық тәртіпті сақтау үшін қажетті шараларды анықтауды көздейді. Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар құқық бұзушылықтың алдын алу үшін түрлі бағыттар бойынша нақты іс-шаралар мен ұсыныстарды талқылап, қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау және болашақта құқық бұзушылықтарды азайту үшін бірге жұмыс істеуге шешім қабылдады.
