«Жастар және дін» тақырыбында кездесу
16 сәуір күні мектепте дін саласындағы аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері: А.Мамбетов – аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы және М.Жұматаев – аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары 9-10 сынып оқушыларымен «Жастар және дін» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуге 9-10 сынып оқушылары - жалпы 51 оқушы қатысты.
Іс-шара барысында білім алушылраға деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен дін бағытындағы бірқатар ақпараттар берілді. А.Мамбетов жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауына кетуінің 3 негізгі себебін атап өтті, ол, біріншіден, жалпы қоғамда діни сауаттылықтың төмен болуы. Діни сауаттылық негізі, мектеп қабырғасынан қалануы керек. Себебі, бүгінгі оқушы ертеңгі азамат, ел ертеңінің кемелді келешегі, бүгінгі оқушылардың діни сауаттылығы - ертеңгі қоғамның қауіпсіздігінің кепілі болады. Жастардың діни санасы мен діни біліммін қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде қаралып отыр. Екіншіден, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы қатарларына қосып жатқанын байқаймыз. Үшіншіден, шетелдік миссионерлердің өз қызметтерін жоғары деңгейде жүргізуінде болып отыр деп айтып өтті.
Сондай-ақ кереғар діни ағымдардан сақтану жөнінде сөз етіп, әлеуметтік желілердегі дінге қатысты ақпараттарды бөлісуге немесе жарияламауға шақырды.
