«Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі»
21 қараша күні мектепте діни сауаттылық және діни экстемизмнің алдын алу іс-шараларының аясында 9-11 сынып оқушылары арасында «Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында аудандық «Жастар ресурстық орталығындағы» теологі Б.Пірназаровпен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың жалпы діни сауаттылығын арттыру, діни ағымдардың арбауынан сақтандыру, діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығын жан-жақты түсіндіру.
Кездесу барысында білім алушыларға қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желіге, яғни ғаламторға торға шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер белең алатындығы, оның соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратындығы туралы да айтып өтті.
Оқушылар өздерінің көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарын қойып, өздеріне керекті мағұлмат алды.