«Оқушылардың діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті.
16 қаңтар күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде ішкі саясат бөлімі «Жастар» ресурстық орталығының инспектор-теолог Пирназаров Бауыржан Мұратұлы 8-11 сынып білім алушыларымен оқушылардың діни сауаттылығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті. Оқушылар арасында діни экстремизмнің таралуының алдын алу мен қазақстандық патриотизмді насихаттау мақсатында оқушыларға жүйелі түрде түсіндіріп өтті.Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастардың қолында екені даусыз. Бүгінде тәуелсіз елеміздің іргесін нығайту жолында жас ұрпақты заман көшіне сай қалыптастыру, рухани және адами қасиеттерді орнықтыру басты мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жастар арасында діннің беделі артуда, діни нанымдар мен діни бірлестіктердің саны артуда. Сондықтан азаматтардың діни сауатты болғаны қоғамның тұтастығы мен дамуының кепілі болып табылатынын насихаттады.Қорыта келе, әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни кереғар ағымдарға қарсы тұруы тиіс.