«Діни экстремизмнің алдын алу» кездесу
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
Интернационал ауылы Қантар 2024ж.
19 қантар күні мектепте жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру және Жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы деген мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында аудандық «Жастар ресурстық орталығындағы» теологі Б.Пірназаровпен кездесу өткізілді. Кездесу «Діни экстремизмнің алдын алу» деген тақырыпта өтті.
Кездесу білім алушылар мен теолог маман арасында диалог түрінде өтті. Дінтанушы-теолог маман ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың себептері мен зардаптары жөнінде сөз қозғалды. Теолог маманы жастарға діни және зайырлы білімді қатар алудың жолдарын түсіндіріп, қайсысы маңыздырақ екеніне тоқталып өтті және дәстүрлі діндердің ерекшелігі, интернет желсіндегі қауіпсіздік және т.б. мәселелер қарастырылып, оқушылар тарапынан қойылған сүрақтарға жауап берді.