03
апрель
2025
«Меркі қант зауыты» ЖШС кәсіпорнына экскурсия
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – қоғам үшін маңызды әрі өзекті қадам. Бұл тек экономика мен өндірісті дамытуға ғана емес, сонымен бірге жастардың еңбекке деген көзқарасын жаңғыртуға бағытталған.
Осы ретте, жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету және жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар атқарылуда. 2025 жылдың 3 сәуір күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-10 сынып білім алушылары «Меркі қант зауытына» экскурсияға барды. Білім алушылар қант зауытын толық аралап техникалық базасына шолу жасады. Технолог, электрик, токарь, дәнекерлеуші жұмысшы мамандықтарына үнемі сұраныс бар екенін атап өтті. Аталған жұмыс орнындағы жұмысшылар өз кәсіптерінің артықшылықтары мен жұмыс барысында болатын қиындықтар туралы өз ойларымен бөлісті. Білім алушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға кәсіпорын жұмысшылары жауап берді.