12
февраль
2025
"Мамандық таңдау - болашаққа нық қадам" тақырыбында онкүндік
"2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына" орай "Мамандық таңдау - болашаққа нық қадам" тақырыбында онкүндіктің іс-шаралар жоспарына сәйкес "Армандарды қалай жүзеге асыруға болады" тақырыбында әртүрлі кәсіп иелерімен кездесу өткізілді. Кездесуге келген маман иелері: токарь, фрезерлеуші, ажарлаушы, техник-технолог, медицина қызметкерлері және электрик. Аталған маман иелері өз мамандықтарының артықшылықтары мен мансаптық өсудің жақсы перспективаларын ұсынды. Жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету және жастарға кәсіптік бағдар беру, дұрыс мамандық таңдауға көмектесу мақсатында екендігі атап өтілді. Жауапты кәсіптік бағдар беруші мамандар: Еставлетова А.А
Амангельдиева М.Б
Амангельдиева М.Б
