«Жүз жол – бірі сенікі» еңбек ардагерлерімен кездесу кеші » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жүз жол – бірі сенікі» еңбек ардагерлерімен кездесу кеші
07
февраль
2025

«Жүз жол – бірі сенікі» еңбек ардагерлерімен кездесу кеші

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – қоғам үшін маңызды әрі өзекті қадам. Бұл тек экономика мен өндірісті дамытуға ғана емес, сонымен бірге жастардың еңбекке деген көзқарасын жаңғыртуға бағытталған. Осы ретте, жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету және жастарға кәсіптік бағдар беру, дұрыс мамандық таңдауға көмектесу мақсатында ағымдағы жылдың 7-ақпан күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жүз жол – бірі сенікі» тақырыбында еңбек ардагерлерімен кездесу өткізілді. Іс-шараға Айтжанов Асқарбек Әбікенұлы – билер алқасының төрағасы және жеке шаруашылығының қожалық иесі,  Умирбаев Жұман Сабақбайұлы – еңбек ардагері, Сатыбалдиев Жақсылық – «№9 Меркі» колледжі дәнекерлеуші мамандығының шебері, Мәркім Олжас – «№9 Меркі» колледжі ауылшаруашылығының механикаландыру маманы қатысты. Жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну туралы тиімді кеңес беріп, болашақта бәсекеге қабілетті маман болуларына тілектерін білдірді. 

Сонымен қатар оқушылар мамандық таңдау бойынша мамандарға түрлі сұрақтар қойып бағыт-бағдар алды. 9-10 сынып оқушылары жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытып, болашақтарын жоспарлап мамандармен бөлісті. 

Жауапты: Еставлетова А. А., Амангелдиева М.Б.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: