«Армандарды қалай жүзеге асыруға болады» әртүрлі кәсіп иелерімен кездесу кеші » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Армандарды қалай жүзеге асыруға болады» әртүрлі кәсіп иелерімен кездесу кеші
12
февраль
2025

«Армандарды қалай жүзеге асыруға болады» әртүрлі кәсіп иелерімен кездесу кеші

                                      
«2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, онкүндік іс-шаралар жоспарына сай «Армандарды қалай жүзеге асыруға болады» тақырыбында әртүрлі кәсіп иелерімен кездесу өткізілді. Осы ретте, жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету және жастарға кәсіптік бағдар беру, дұрыс мамандық таңдауға көмектесу мақсатында екендігі атап өтілді. Іс-шараға Алматы қаласында орналасқан ALT Университетінің және колледжінің мамандары, аудандық «Ұшқын» орталығының медицина қызметкерлері және ИДН қызметкерлері  келді. ALT Университетінің мамандары техникалық жұмысшы мамандықтарының  10 түрін ұсынды, ол мамандықтардың болашағы мен маңыздылығын атап көрсетті. Соның ішінде   «темір жол машинисті» мамандығы білім алушылардың қызығушылығын тудырды, себебі бұл мамандық қазіргі таңда зор сұранысқа ие. 
 Жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну туралы тиімді кеңес беріп, болашақта бәсекеге қабілетті маман болуларына тілектерін білдірді. Аудандық медицина қызметкерлері және ИДН қызметкері өз мамандықтарының қиындықтары мен қызықтары туралы бөлісті.
 Жауапты: кәсіби бағдар беруші мамандар Еставлетова А. , Амангелдиева М.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: