«2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында онкүндік
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына» орай «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның мақсаты «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына» орай білім алушылардың мамандықтар туралы білімдерін жүйелеу, қосымша мәліметтер беру. Мектеп директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Инкарбекова білім алушыларды онкүндіктің ашылуымен құттықтады. Кәсіби бағдар беруші маман А.Еставлетова балалармен амандасу тренингін жасап, сұрақ-жауап айдарын өткізді. Жұмысшы мамандықтар туралы ақпарат беріліп, ең қажетті мамандықтар туралы пікірлер айтылды. Кәсіби бағдар беруші маман М. Амангелдиева механик, дәнекерлеуші, слесарь, кондитер, көлік ұстасы сияқты мамандықтардың маңызы туралы мәлімет берді. Онкүндік іс-шараның жоспарына сай еңбек ардагерлерімен және әртүрлі кәсіп иелерімен кездесу ұйымдастыру үшін мектеп оқушыларының ұсыныстары тыңдалды.