«Жұмысшы мамандықтары жылы»
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануына және «Заң және тәртіп» айлығына байланысты ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні «№9 Меркі колледжіне» экскурсия ұйымдастырылды. 9-сынып білім алушыларына колледжде оқытылатын мамандықтар туралы кәсіптік бағдарға жауапты маманы Киялбекова Нуржанат Нуркелдиевна таныстырды. Қазіргі таңда халық шаруашылығында үлкен сұранысқа ие мамандықтар қатарын баса айтып, алға қойған мақсаттарын ұсынды. Колледжде білім алуға шақырып, колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Колледж туралы бейнежазбалар көрсетіліп, үлестірме парақтары берілді. Практикалық жұмыстарды оқушылар көзбен көріп, танысты. Колледжде оқу мерзімі: 9 сыныптан кейін 2 жыл 10 айды құрайды. Сонымен қатар білім алушылар күніне екі мезгіл ыстық тамақпен қамтылатындығы, жылына екі рет жолақысы төленетіндігі, шәкіртақы алатындары туралы хабардар етті.

Кәсіптік бағдар беруші маман: Еставлетова А.А
Амангельдиева М.Б