«Баланың бас ұстазы– ата-ана
17 қазан күні мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Баланың бас ұстазы– ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу» тақырыбында 1 сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
ата-ана борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрметі, сенімі, қамқорлығы, ашықтығы;
адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, оптимизм, позитивті ойлау, эмоционалдық интеллект, ынтымақтастыққа дайын болу, әзіл сезімі
Сабақ келесі жоспар бойынша өткізілді. I.Кіріспе бөлім: позитивті ата-ана болу неге маңызды. II. Негізгі бөлім: Жасөспірімдердің жас ерекшеліктері.
«Позитивті ата-ана болу» ұғымының мәні
Сабақ барысында келесі тапсырмалар орындалды: «Сіздің балаңыздың портреті», «Позитивті ата-ана болу қағидаттары», «Сіздің балаңыздың күшті тұстары».