1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті 7 сабақ өткізілді. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті 7 сабақ өткізілді.
17
апрель
2024

1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті 7 сабақ өткізілді.


     Сабақ атқырыбы: «Балаға үлгі көрсету»

Мақсаты: ата-ананың өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысының шарты ретінде балаға жағымды үлгі болуға дайындығын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Ата-ананың балаға деген оң әсерінің мәнін ашу

2. Ата ананың отбасында балаға үлгі болу дағдыларын дамыту

3. Баламен ынтымақтаса отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға ынталандыру.

Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер:

Ұлттық мәдениет, әділдік, сүйіспеншілік, сыйластық, денсаулық, ар-ождан, борыш.

Жауапкершілік, еркіндік, адалдық, еңбексүйгіштік, ақылдылық, азаматтық, отаншылдық, сөзге беріктік.  

Сабақ келесі жоспар бойынша өткізілді:

I. Кіріспе. Өзіндік талдау: Мен баламмен қанша уақыт біргемін?   

II. Негізгі бөлігі.

1. Эксперимент «Теңгерім шеңбері» тренингтік жаттығу.  

2. Бейнефильм көру. Шығармашылық жұмыс.   

3. Пайдалы ұсынымдар. 

III. Қорытынды. Қорытындылау. Сұраққа жауап. Жағымды тілектер.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: