15
май
2024
«Тәлімменен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында кезекті 8 сабақ өткізілді
Ата-аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспары сәйкес 15 мамыр күні мектепте 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Тәлімменен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында кезекті 8 сабақ өткізілді. Сабақ мақсаты: ата-аналардың отбасылық әл-ауқатын нығайту үшін прогрессивті дәстүрлерді дамытуға және қолдауға дайындығын қалыптастыру. Ұлттық құндылықтар және жеке тұлғаның қасиеттері Ақылдылық, үлкенді сыйлау, тектілік, ұлттық болмыс, қонақжайлылық, төзімділік. Күтілетін нәтижелер: 1.Отбасының маңыздылық деңгейін арттыру – отбасы мүшелерінің саламаттығының негізі ретінде. 2.Ата-аналардың ұлттық құндылықтар негізіндегі отбасылық дәстүрлерге мән беру дағдыларын қалыптастыру. 3.Отбасын нығайту және қолайлы климат құру. Отбасылық дәстүрдің кейінгі ұрпақтардағы сабақтастығы.
![](/uploads/posts/2024-05/1716463143_1716459510096.png)