«Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі» тақырыбында кезекеті 1 сабақ өткізілді.
16 қазан күні мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Сапалы ұйқы – балалардың дамуы мен денсаулығының негізі» тақырыбында кезекеті 1 сабақ өткізілді.
Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Ата-аналардың баланың толыққанды ұйқысын қамтамасыз етуі үшін қолайлы жағдай жасауға деген ұмтылысын дамыту; 2. Салауатты ұйқының баланың ағзасы мен дамуына әсері және ұйқының бұзылуының теріс салдары туралы түсініктерді тереңдету; 3. Баланың ұйқысы пайдалы болуы үшін күн тәртібін сақтаудың нақты алгоритмін қалыптастыру.
Жеке тұлғаның ұлттық құндылықтары мен қасиеттері: Әділеттілік және жауапкершілік
Күтілетін нәтижелер: - ата-аналар баланың толыққанды ұйқысын қамтамасыз етеді; - ата-аналар ұйқының баланың денсаулығы мен дамуына әсерін түсінеді; - ата-аналар баланың дұрыс ұйқысын ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.