«Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері» тақырыбында кезекті 1 сабақ ұйымдастырылды.
17 қазан күні мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу және мінез-құлыққа әсері» тақырыбында кезекті 1 сабақ ұйымдастырылды.
Мақсаты: ата-аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауы жасөспірімнің денсаулығын және психикалық саулығын сақтау факторы ретінде қарастыру
Міндеттері: 1) ата-аналардың жасөспірімнің ұйқы сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға ынталандыру; 2) жасөспірімдердің танымдық белсенділігі мен мінез-құлқына ұйқының әсерін түсінуге ықпал ету; 3) ұйқы сапасын жақсартуға көмектесу үшін практикалық дағдыларды дамыту
Күтілетін нәтижелер: ·ата-аналар жасөспірімнің ұйқы режимін сақтауға ынталы болады; ·ата-аналар ұйқының жасөспірімнің салауатты өмір салтының маңызды бөлігі екенін түсінеді; ·ата-аналар жасөспірімнің ұйқы сапасын қамтамасыз ету дағдысын меңгереді.
Ұлттық құндылықтар мен тұлғаның жеке қасиеттері: сүйіспеншілік пен жауапкершілік.