"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
06
сентябрь
2024

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында

     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2024-2025 оқу жылында  Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретын мектепте  оқырмандар   арасында "Жаңа әдебиеттер әлемі" атты іс-шара  ұйымдастырылды.Мектеп кітапханасына  жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында: кітапхана қорына жалпы түрлі саланы қамтитын 30 атаулы 60 дана кітап келіп түсіп  кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылды.

  1. Алматыкітап баспасынан оқырман қаукымның қызығушылығын тудыратын  қазақ,орыс тілінде түрлі түсті   энциклопедиялар.
  2. Steppe&world  баспасынан көптеген ғылыми фантастикалық әдебиеттер келіп түсті. Бұл ойдан шығарылған  қиял әлемі туралы кітаптар. 

«Аруна»; «Мазмұндама»; «Арман» баспасынан Балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттер мен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойын дар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер.

Жаңа келіп түскен көркем әдебиеттерді насихаттау барысында  көрмеге мектеп оқушылары,ұстаздар және ата-аналар   қатысып көрмеден қажетті әдебиеттерді қарап, тамашалады. Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Ендеше, кітап оқудан талмайық!. Сондықтан көп кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз. Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа әдебиеттер» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.Жаңа әдебиеттер сіздерүшін.
 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: