«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «5 минут кітап оқу» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «5 минут кітап оқу»
09
февраль
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «5 минут кітап оқу»

     Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2022 жылы қаңтар айының 19-21 күнінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектебіміздегі кітапхана ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен ұстаздардың қызығушылығын арттыру,оқырмандарды машықтандыру,тәрбиелеу,кітаптарға қызықтыра білуге үйрету,ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында «5 минут кітап оқу»атты іш-шара ұйымдастырылды.  Шараға мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары қатыстырылды. Шараның мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі ертегі мен аңыз әңгімелер , өлеңдер оқып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. 
Тәжірибеде тапсырманың ұзақтығы емес, жаттығу жұмыстарының жиілігі маңызды. Бастауыш сынып оқушыларын кітапты ұзақ уақыт бойы соңына дейін оқуға отырғызып қоюға болмайтындығы ескерілді. Ұзақ оқу  баланы шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жоятындығы мәлім. Сондықтан 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Осындай жаттығулардың тиімділігі бір сағаттық жаттығуларға қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі басты назарға алынды. 
Оқушылар «әлемbook» баспасынан жарық көрген ертегілерді қызыға оқыды. Сонымен қатар, «Аруна» баспасынан шыққан ертегілерді сүйіп оқып, бір- бірімен алған әсерлерімен бөлісті.  Және әңгімеден түсінген ойын қағаз бетіне түсіріп, көркем суретпен бейнелеуді әдеттке айналдырды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: