«Жаңа әдебиеттер әлемі»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББ мектебінің кітапханасында
өткізілген «Жаңа әдебиеттер әлемі» атты іс- шара туралы
Анықтама
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында оқырмандар арасында "Жаңа әдебиеттер әлемі" атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасына жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында: кітапхана қорына жалпы түрлі саланы қамтитын 49 атаулы 104 дана кітап келіп түсіп кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылды.
«Мазмундама» баспасынан жарық көрген танымдық маңызы зор кітаптарды қысқа да нұсқа форматта мазмұндап,құнды идеяларды оқырмандарға жеткізу мақсатында «Әрбір адам оқуға тиіс 10 кітап», «10 книг,которые должен прочитать каждый» сериясы, «Жасампаз жас өспірімдердің 7 дағдысы», «Бәрі бар дүкен»,Түпсананың күші» , «Табандылық», «Интроверт», «ЭГО-дұшпан» тағы басқада көпдеген маңызды кітаптарды назарға ұсынылды.
Жаңа келіп түскен танымдық маңызы зор кітаптарді,көркем әдебиеттерді насихаттау барысында көрмеге мектеп оқушылары,ұстаздар және ата-аналар қатысып көрмеден қажетті әдебиеттерді қарап, тамашалады.
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Ендеше, кітап оқудан талмайық!. Сондықтан көп кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз. Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа әдебиеттер» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық. Жаңа әдебиеттер сіздер үшін.