«Жаңа әдебиеттер әлемі»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББ мектебінде
Өткізілген «Жаңа әдебиеттер әлемі» атты іс- шара туралы
Анықтама
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2023-2024 оқу жылында Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретын мектепте оқырмандар арасында "Жаңа әдебиеттер әлемі" атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасына жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында: кітапхана қорына жалпы түрлі саланы қамтитын 87 атаулы 422 дана кітап келіп түсіп кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылды.
1.Алматыкітап баспасынан жарық көрген Қазақ халқының талантты ұлдары «Ыбырай Даланың таза бұлағы», «Шоқан Шығыстың жарық жұлдызы», «Абай Мәңгілік тұлға-ұлы Абай» қазақ,орыс ағылшын тілдерінде фотосуреттер мен бейнематериалдар.
2.Алматыкітап баспасынан жарық көрген Мектеп оқушылары мен көпшілік қауымға арналған Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер»шығармасы;Ыбырай Алтынсаринның «Кел,балалар,оқылық» жинағы;Туманбай Молдағалиевтың «Балаларға аманат»туындылары; Иван Андреевич Крыловтың орыс тілінен аударған «Мысалдарын оқырман қауымға ұсынылып отыр.
3.Алматыкітап баспасынан оқырман қаукымның қызығушылығын тудыратын қазақ,орыс тілінде түрлі түсті энциклопедиялар.
4.Steppe&world баспасынан көптеген ғылыми фантастикалық әдебиеттер келіп түсті. Бұл ойдан шығарылған қиял әлемі туралы кітаптар.
«Аруна»; «Мазмұндама»; «Арман» баспасынан Балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттер мен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойын дар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер.
Жаңа келіп түскен көркем әдебиеттерді насихаттау барысында көрмеге мектеп оқушылары,ұстаздар және ата-аналар қатысып көрмеден қажетті әдебиеттерді қарап, тамашалады.
Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Ендеше, кітап оқудан талмайық!. Сондықтан көп кітап оқып, кітап жанашыры болуға шақырамыз. Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Жаңа әдебиеттер» көрмесімен танысуға, кітап оқуға шақырамыз! Сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.
Жаңа әдебиеттер сіздер үшін.