«Тіл- тірегім» атты «Тілдер күні мерекесіне» арналған іс- шара
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын жас ұрпақ бойына насихаттау мақсатында мектеп кітапханашысы М. А. Каимбаева мектеп оқушыларымен «Тіл- тірегім» атты іс- шара ұйымдастырды. Шараға 5-9 сынып оқушылары белсене қатысты. Кітапханашы бұл күннің маңыздылығына тоқталып өтті. А. Байтұрсынұлы туралы қысқаша мағлұмат айтып, ьейнеролик көрсетілді. Оқушылар өздері жаттаған өлең шумақтарын оқып, өз өнерлерімен тәнті етті.
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді.
Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.
Сөз соңында кітапханашы шараға белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтып, ана тілімізді құрметтеуге шақырды.
![](/uploads/posts/2024-09/1726135813_1726132213683.png)