07
сентябрь
2022
А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазылды. Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы».
А. Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінде мекеме қызметкерлері мен оқушылары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2022 жылғы _ қыркүйекте қазақтың біртуар тұлғасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазылды. Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы».
Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Міндеттері: - Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту; - қатысушыларға қазақ тілін білу және сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру; - сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту.
Диктант қазақ тілінде өтті. ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен келісілген мәтін жазылды. Диктант жазушылар саны-131. Жалпыхалықтық диктант жазуға мектеп ұстаздары, оқушылар мен өзге ұлт өкілдері қамтылды.