«Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз»» атты кітапханалық көрме туралы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз»» атты кітапханалық көрме туралы
03
март
2022

«Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз»» атты кітапханалық көрме туралы

Өткізілген күні: 11.03.2022ж. 
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 1-11 сыныптар
Мақсаты:а)Оқушыларға ұлттық мереке- жыл басы Наурызды халқымыз қалай қарсы алғандығын үйретіп, насихаттау. Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыру;
ә)Оқушыларға ұлттық өнерімізді, ойындарды, салт-дәстүрімізді еркін меңгеріп, шебер орындай білу дағдыларын қалыптастыру;
б)Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай, жаңарып,осы заманғы өмірімізге кірігуіне, құрметтеуге тәрбиелеу.
       Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында 2022 жылы наурыз  айының 11 күнінде ««Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз»» атты кітапханалық көрме ұйымдастырылды.
       Көрмеде қазақ халқының ұлттық тағамдары мен салт- дәстүрлері дәріптелді.              Олармен мектеп кітапханашысы таныстырып шықты. Наурыз ұғымының қалай пайда болғанындығы және бұл мерекенің маңызы туралы айтылып өтті. Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінде "нау"-жаңа,"рыз"-күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні" деп атағаны туралы айтылды. 
        Оқушылардан наурыз мерекесі туралы қандай мағлұматтар білетіндерін сұрады. Оқушыларға ұлттық мереке- жыл басы Наурызды халқымыз қалай қарсы алғандығын үйретіп, насихаттады. Сонымен қатар оқушылар наурыз айы , наурыз мерекесі туралы өздері жаттаған  өлеңдерін оқыды. 8- сынып оқушысы Оралбай Ерлан «Наурыз мерекесінің пайда болуы туралы» аңызды оқушыларға түсінікті жеткізіп айтып берді.
 Көрме наурыз айының соңына дейін ұйымдастырылып, оқушыларға насихаттау жұмысы жүргізіледі. 
Кітапханашы: Каимбаева М.А.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: