06
сентябрь
2022
А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ-де Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіліміздің теңдігі - ұлтымыздың елдігі» атты салтанатты кеш өтті.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ-де өткен 5-қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жылдығына орай «Тіліміздің теңдігі - ұлтымыздың елдігі» арналған іс-шаралар туралы анықтама
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ-де Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіліміздің теңдігі - ұлтымыздың елдігі» атты салтанатты кеш өтті. Бұл іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған мектеп директоры Сейтказиев Р.З тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу-жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады.
Шараны пән мұғалімдері дайындаған оқушылардың үш тілдегі әдеби монтажы жалғастырды. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Тіл білімінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері, Алаштың арда ұлы А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан бейнебаян көрсетілді. Оқушылар өздерінің музыкаға деген қабілеттерін аңғартып, ән мен жырдан шашу шашып, оқушылар қазақтың ұлттық биін шабыттана орындады.