1–4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кезекті 7 сабақ
Сабақ атқырыбы: « Балаға үлгі көрсету» Мақсаты: ата-ананың өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысының шарты ретінде балаға жағымды үлгі болуға дайындығын қалыптастыру. Міндеттері: 1. Ата-ананың балаға деген оң әсерінің мәнін ашу 2. Ата ананың отбасында балаға үлгі болу дағдыларын дамыту 3. Баламен ынтымақтаса отырып, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға ынталандыру. Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер: Ұлттық мәдениет, әділдік, сүйіспеншілік, сыйластық, денсаулық, ар-ождан, борыш.