Тәрбие жұмысы » Страница 14 » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
«25 қазан - Республика күніне» орай бірыңғай гимн орындалды
23
октябрь
2024
«25 қазан - Республика күніне» орай бірыңғай гимн орындалды
23 қазан күні  сағат 11.00-де «25 қазан - Республика күніне» орай бірыңғай гимн орындалды. Гимнді бірыңғай орындау – білім алушылардың патриоттық сезімін көтереді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету мен ұлттық рухты дәріптеу мақсатында өткізілді. https://www.facebook.com/Mektep.7inter/videos/936647968368224/
«Төрт тоқсан – төрт өнер»
23
октябрь
2024
«Төрт тоқсан – төрт өнер»
23 қазан күні мектепте «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында «Ақындар айтысы сайысына қатысушылармен жұмыс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға айтысты өткізу тәртібі, тақырып таңдау, айтысу техникалары туралы түсіндіріп, ой бөлісіп, талқылау жұмыстары жүргізілді. АҚЫНДАР АЙТЫСЫ 2024 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ біртұтас тәрбие оқу ағарту министрлігі 7ЖОББМ  біртұтас тәрбие
«Төрт тоқсан – төрт өнер»
22
октябрь
2024
«Төрт тоқсан – төрт өнер»
22 қазан күні мектепте «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында «Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы» тақырыбында пікірталас өткізілді.       Мақсаты: Оқушылардің шығармашылық қабілеттерін арттыру, тілге, айтысқа деген сүйіспеншіліктерін ояту, қазақтың ежелгі өнерін дәріптеу. АҚЫНДАР АЙТЫСЫ 2024 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ біртұтас тәрбие оқу ағарту министрлігі №7ЖОББМ біртұтас тәрбие
«Төрт тоқсан – төрт өнер»
21
октябрь
2024
«Төрт тоқсан – төрт өнер»
   21 қазан күні мектепте «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында «Қазақ тілінің қазіргі жағдайы...» тақырыбында жоба қорғау, ұсынымдарын білдіру (презентациямен жұмыс) өткізілді.       Мақсаты: Қазіргі жастар тілінің сөйлеу ерекшеліктеріне талдау жасау.  Тіл тазалығы мен тіл мәдениетін сақтап қалу бүгінгі ұрпақ еншісінде екенін түсіндіру. АҚЫНДАР АЙТЫСЫ 2024 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ біртұтас тәрбие оқу ағарт уминистрлігі 7ЖОББМ біртұтас тәрбие
«Ұйқы және психикалық денсаулық» тақырыбында кезекті 1 сабақ өткізілді.
18
октябрь
2024
«Ұйқы және психикалық денсаулық» тақырыбында кезекті 1 сабақ
18 қазан күні мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында  10-11 сынып оқуышларының ата-аналарына «Ұйқы және психикалық денсаулық» тақырыбында кезекті 1 сабақ өткізілді.       Мақсаты: жасөспірімнің психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде атааналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.        Міндеттері: 1) Ата-аналарды жасөспірімнің ұйқыға қатысты пайдалы әдеттерін дамытуға ынталандыру. 2) Ата-аналардың ұйқының жасөспірімдердің психологиялық
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында педагогикалық ұжыммен кездесу
18
октябрь
2024
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында педагогикалық
18 қазан күні мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, осы саясаттың қағидалары мен талаптарын білу және сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында педагогикалық ұжыммен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдайтын шаралардың тиімділігіне қатысты ақпаратпен таныстырылды.
"Төрт тоқсан - төрт өнер"
17
октябрь
2024
"Төрт тоқсан - төрт өнер"
Мектепте 17 қазан күні "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында, тарих пәнінің мұғалімі Батырханова А.Ғ. ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында  «Тарихқа тағзым» тақырыбында викториналық сайыс өткізілді.     Іс-шараның мақсаты:  Өз пікірін қорғай білу дағдыларын қалыптастыра отырып оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отанға, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. АҚЫНДАР АЙТЫСЫ 2024 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ біртұтас тәрбие оқу ағарту министрлігі 7ЖОББМ біртұтас тәрбие
«Баланың бас ұстазы– ата-ана
17
октябрь
2024
«Баланың бас ұстазы– ата-ана
     17 қазан күні мектепте  ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бойынша  5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Баланың бас ұстазы– ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу» тақырыбында 1 сабақ ұйымдастырылды.    Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту. Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: ата-ана борышы, сүйіспеншілік, жеке тұлғаға деген құрметі, сенімі, қамқорлығы,
«Алтын күз» атты қолөнер көрмесі
16
октябрь
2024
«Алтын күз» атты қолөнер көрмесі
 1 6 -2 2  қазан аралығында  мектепте  оқушылардың  рухани-эстетикалық тәрбие барысыныда  күз мезгілінің  табиғатымен танысу, қоршаған орта туралы білімдерін жинақтау, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту   мақсатында «Алтын күз» атты қолөнер көрмесі  ұйымдастырылды.       Көрмеге 2-6 сынып аралығындағы оқушылары күз мезгіліне орай тамаша суреттерін салып, табиғи материалдардан (тас, ағаш бұтасы, жапырақтар, гүлдер) әр түрлі керемет туындылар жасады .
"Төрт тоқсан - төрт өнер"
16
октябрь
2024
"Төрт тоқсан - төрт өнер"
Мектепте 16 қазан күні "Төрт тоқсан - төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында  «Айтыс жыр барымтасы» тақырыбында  ақындар айтысы сайысына дайындық жүргізу жұмысы ұйымдастырылды.     Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың  рухани дамуына ықпал жасау, олардың жан дүниесін байытып, ой-өрісін өсіретін айтыс өнеріне  қызығушылығын арттыру. #АҚЫНДАР АЙТЫСЫ 2024 #ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ #біртұтас тәрбие оқу ағарту министрлігі #7ЖОББМ# біртұтас тәрбие