АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАҢТАР АЙЫ – «Заң және
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар «Заң және тәртіп» айы болып жарияланды. Мақсаты: Оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Осыған орай Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде құқықтық сауаттылықты арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бойынша тәрбиелік іс-шаралары ұйымдастырылады. #ЗаңЖәнеТәртіп