« Мен оқыған бір ертегі»тәрбиелік-танымдық сабақ
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
"Балалар кітапханасы"бағдарламасын іске асыру бағытында
қысқы демалыс кезінде
« Мен оқыған бір ертегі»тәрбиелік-танымдық сабақ
Анықтама
Өткізілген күні: 29.12.2025ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 1-4 сынып оқушылары,ата-аналар
Мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегі арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және балалардың ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту болды.
Қысқы демалыс кезінде мектеп кітапханасында кітапханашының ұйымдастыруымен 1–4 сынып оқушыларына арналған «Мен оқыған бір ертегі» тақырыбында тәрбиелік-танымдық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар өздері оқыған ертегілерін әңгімелеп, сүйікті кейіпкерлеріне мінездеме беріп, алған әсерлерімен бөлісті. Мұғалімдер балаларға арнап: «Ертегі – баланың қиялын дамытатын, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйрететін асыл қазына», «Кітапты көп оқыған бала – ойы ұшқыр, тілі бай тұлға болып қалыптасады» деген мазмұнды ойларын айтып, оқушыларды кітаппен дос болуға шақырды.Сондай-ақ ұстаздар «Әр оқылған ертегі – өмірге жасалған бір қадам, одан алынған тәрбие баланың болашағына бағыт береді» екенін атап өтті.Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтіп, оқушылардың белсенділігі артып, кітап оқуға деген қызығушылығы күшейе түсті.
