«Мен оқыған бір ертегі» тәрбиелік-танымдық сабақ өткізілді » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен оқыған бір ертегі» тәрбиелік-танымдық сабақ өткізілді
30
декабрь
2025

«Мен оқыған бір ертегі» тәрбиелік-танымдық сабақ өткізілді

Қысқы демалыс кезіндегі іс-шара жоспарды іске асыру бойынша,  2025 жылы 30 желтоқсан күні "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында мектеп кітапханашысы М.Каимбаеваның ұйымдастыруымен «Мен оқыған бір ертегі» тәрбиелік-танымдық сабақ өткізілді.  

   Іс шара мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегі арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және балалардың ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту.

   Сабақ барысында оқушылар өздері оқыған ертегілерін әңгімелеп, сүйікті кейіпкерлеріне мінездеме беріп, алған әсерлерімен бөлісті. Мұғалімдер балаларға арнап: «Ертегі – баланың қиялын дамытатын, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйрететін асыл қазына», «Кітапты көп оқыған бала – ойы ұшқыр, тілі бай тұлға болып қалыптасады» деген мазмұнды ойларын айтып, оқушыларды кітаппен дос болуға шақырды. Сондай-ақ ұстаздар «Әр оқылған ертегі – өмірге жасалған бір қадам, одан алынған тәрбие баланың болашағына бағыт береді» екенін атап өтті. Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтіп, оқушылардың белсенділігі артып, кітап оқуға деген қызығушылығы күшейе түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: