Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
03
апрель
2024

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ

     3 сәуір күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. 

Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. 

Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды. 

         Тексеру нәтижесінде асханада ауыз су режиміне қойылатын талаптар сақталған. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген. 

          Азық-түліктердің жарамдылық мерзімі дұрыс сақталған. Асхананың ас әзірлеу блогы санитарлық гигиеналық талаптарға сай. Дизинфекция құралдары бар. Асхана қызметкерлерінің формалары таза, ұқыпты.

Мектеп асханасының тамақтану бөлімінде қол жуатын орындарда арнайы 4 кептіргіштер бар. Білім алушыларға арналған қол жуатын 6 орын бар. Барлығы жұмыс жасап тұр.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: