Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
09
февраль
2024

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ


9 ақпан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.. 

         Тексеру нәтижесінде асханада ауыз су режиміне қойылатын талаптар сақталған. 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы  ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» деп көрсетілген, талаптар орындалған. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.

 Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген, екі тоңазытқыш істен шыққан.  Температуралық режим сақталған. Тауар көршілестігін сақтау талаптары қанағаттанарлық. Тексеру барысында сүт өнімдері мен көкөністер бөлек сөрелерде қойылған. Өнімдерді сақтау режимі ескерілген. Кемшілікті ретке келтіру туралы ДШІЖ орынбасары Қ.Ақназароваға ескертілді.

          Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар қарастырылған. Заттары арнайы киім сақтауға арналған шкафтарға  ілінген.













Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: