Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
20 наурыз күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды.
Тексеру нәтижелері сарапталды.
Тексеру нәтижесінде тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері көрсетілген және дұрыс сақталған. Көкөністерді таңбаланған жәшіктерде сақталған. Өнімдерді сақтау режимі ескерілген. Күнделікті мәзір перспективалық мәзірге сәйкес. Асхана блогы санитарлық талаптарға сай. Москит торы бар.
Ауыз су режимі сақталған. «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» деп көрсетілген, талаптар орындалған. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілген.
Мектеп асханасының тамақтану бөлімінде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер жұмыс жасап тұр. Бір реттік қағаз сүлгілер пайдаланылады. Білім алушыларға арналған қол жуатын орындар таза. Барлығы жұмыс істеп тұр.