Оқушыларға » Страница 2 » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Дос болайық” акция
18
октябрь
2024
“Дос болайық” акция
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7  ЖОББМ “Дос болайық” акция аясында мектеп психологтары  Нысанова А.К. Джантаева Т.И. 9-  сынып оқушыларына “ Достық шеңбері” тақырыбында тренинг сабақ өткізілді.   🔰 Мақсаты: Оқушылардың қарым-қатынасын нығайту. Сынып ішінде ауызбіршілікті сақтауға шақыру, достықтың қадірін білуге үйрету.
11 сынып білім алушылардан Тұлға типтерін анықтау (Дж.Холланд) сауалнамасы
26
сентябрь
2024
11 сынып білім алушылардан Тұлға типтерін анықтау (Дж.Холланд)
11 сынып білім алушылардан Тұлға типтерін анықтау (Дж.Холланд) сауалнамасы       Аманжол Тұрғымбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 26 қыркүйек күні 11 - сынып білім алушыларынан  «Тұлға типтерін анықтау» (Дж.Холланд) сауалнамасы алынды.  Сауалнамаға 17 білім алушы қатысты. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін, кәсіби бағытын анықтау мақсатында алынған сауалнаманың нәтижесінде:     Интеллектуалды  тип; Әлеуметтік тип; Конвенциалды тип; Тапқыр тип; Әртістік тип анықталды.
"Зерделеу жоба"
14
март
2024
"Зерделеу жоба"
Республикалық "Әбіш оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінде 9- сынып оқушысы Нарымбетов Шыңғысхан "Зерделеу жоба" бағытынан 3-орын иеленді. Жетекшісі: Баяқова Қ.Т.
"Кәсіби бағдар - болашаққа жол!"
14
март
2024
"Кәсіби бағдар - болашаққа жол!"
Білім алушыларды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы   қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Осы мақсатта А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-21 наурыз аралығында өтетін кәсіптік бағдар беру жұмысының онкүндігінің ашылуы өтті. Білім алушылар
"Наурыз- жыл басы" тақырыбында аудандық балалар сурет байқауы
13
март
2024
"Наурыз- жыл басы" тақырыбында аудандық балалар сурет байқауы
Аудандық  білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген "Наурыз- жыл басы" тақырыбында аудандық балалар сурет байқауына қатысып  15-17 жастағы білім  алушылар жас санаты бойынша ІІІ-орын  иеленген А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің  оқушысы Акетай Амина  марапатталады. Жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Омарова З.А.
"Бүгінгі шәкірт- ертеңгі маман"
13
март
2024
"Бүгінгі шәкірт- ертеңгі маман"
      2024 жылдың  13 ақпан күні А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған  11-21 наурыз аралығында өтетін кәсіптік бағдар беру жұмысының онкүндік  жоспарына сәйкес, "Бүгінгі шәкірт- ертеңгі маман" тақырыбында №9 Меркі колледжінің мамандары, өндірістік оқыту шеберлері Шәріпхан Жансая, Тұрмаханбетов Бектұрған, Абдильдинов Самат, Рахаева Әсельмен кездесу өтті. Кездесу барысында электр жабдықтары мамандығы бірнеше бағыт
"Біртұтас тәрбие" " Төрт тоқсан, төрт өнер" жобасы аясында"
19
февраль
2024
"Біртұтас тәрбие" " Төрт тоқсан, төрт өнер" жобасы аясында"
 2024 жыл 19 ақпан күні мектебіміздің 11 сынып  оқушысы қылқалам шебері Акетай Амина  мектепішілік бейнелеу өнері бойынша өзінің " Бейнелеу өнері - менің шынайы бейнем' атты шығармашылық есебін өткізді. Жастайынан суреттің қыр- сырын, түстердің теориялық үйлесімін,  көргенін емес, қиялындағы ішкі сезімін бейнелейтін Аминаның салған суреттеріне мектеп оқушылары тәнті болды. Өзінің салған туындыларына тақырып қойып, қорғап сөз соңында өзінің бейнелеуге тәрбиелеген  Ниязқұлова Гүлзада ұстазына:
"Roboland 2024" аудандық  іріктеу фестивалі
16
февраль
2024
"Roboland 2024" аудандық іріктеу фестивалі
"Roboland 2024"ІХ Халықаралық робототехника  бағдарламау мен инновациялық технологиялар фестивалінің республикалық  турнирінің аудандық іріктеуінде мектебіміздің  7 сынып оқушылары Аманбай Жасұлан мен Кадиров Дилшат қатысып   3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Солтанкулов Мэльс
«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша
14
февраль
2024
«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша
2024 жылдың 14 ақпан күні Меркі ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары Темірбай Аружан, Шойғараев Досбол және жас кәсіпкер Малдыбайқызы Айжанаттың қатысуымен «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу өтті. Бағдарлама мақсаты - халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру.