«Тәуелсіздік- еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында эссе байқау ұйымдастырылды.
«16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне» орай 2025 жылы 11 желтоқсан күні 8-11 сынып оқушылары арасында оқушылардың туған жерін, Отанға деген құрмет сезімін қалыптастыру, өз ойларын сауатты әрі шығармашылықпен жеткізу арқылы еліміздің тәуелсіздігі туралы түсінігін кеңейту, патриоттық тәрбие беру мақсатында, тақырыпты ашатын нақты деректер мен дәлелдер келтіріп «Тәуелсіздік- еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында эссе байқау ұйымдастырылды.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша І орын - 11 «а» сынып оқушысы Мұратбаева Қ., ІІ орын – 11 «б» сынып оқушысы Халкечева М. және 8 «ә» сынып оқушысы Ізбасар Н., ІІІ орын – 8 «б» сынып оқушысы Кабилова Х., және 9 «ә» сынып оқушысы Жумахан П. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табысталды. 
