09
декабрь
2025
«Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
2025 жылы 9 желтоқсан күні «16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне» орай тарих пәнінің мұғалімі Қонқабаев Н.А. ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстан – біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қол жеткізудің тарихи маңыздылығын және бұл жолда болған қиындықтарды талқылауға арналды. Білім алушылар өздерінің ұлт тарихы мен тәуелсіздік үшін күрестің сабақтарынан алған білімдерін кеңейтті.
Сонымен қатар, еліміздің даму жолында кездескен қиындықтар мен қазіргі таңдағы жетістіктерді бағалау өте маңызды екендігі атап өтілді. Дөңгелек үстел мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін қадірлеу, оны қорғау және болашақ ұрпаққа жеткізу жолында бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктелетіні туралы маңызды ойлармен аяқталды.
