14
март
2024
"Кәсіби бағдар - болашаққа жол!"
Білім алушыларды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Осы мақсатта А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 11-21 наурыз аралығында өтетін кәсіптік бағдар беру жұмысының онкүндігінің ашылуы өтті. Білім алушылар онкүндіктің жоспарымен танысты.
КББ педагогтар: А.Тлембаева
А.Еставлетова
КББ педагогтар: А.Тлембаева
А.Еставлетова