«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» кітап көрмесі
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
кітап көрмесі
анықтамасы
Өткізілген күні: 10 желтоқсан 2025ж.
Өткізілген орны: мектеп кітапханасы
Қатысқандар: 6 сынып оқушылары,тарих пәні мұғалімі Келдибаев Қ.А.
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздігінің маңызын түсіндіру, ел тарихындағы ерлікке толы кезеңдер туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру және тәуелсіздік жолындағы батырлар мен тарихи оқиғаларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2025 жылы желтоқсан айының 10-шы жұлдызында мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді. Іс-шараға 6-сынып оқушылары қатысып, жетекшісі тарих пәні мұғалімі Келдибаев Қ.А. қолдау көрсетті.Көрмені мектеп кітапханашысы ұйымдастырып, оқушыларға тәуелсіздік тарихы мен ерлікке толы кезеңдер туралы мағлұмат берді. Оқушылар ұсынылған кітаптармен танысып, еліміздің егемендік жолындағы маңызды оқиғалар туралы өз әсерлерімен бөлісті.

