«Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» кітап көрмесі » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» кітап көрмесі
09
декабрь
2025

«Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» кітап көрмесі

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ


 «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» 

кітап көрмесі 

Анықтама


Өткізілген орны: мектеп кітапханасы

Өткізілген күні: 09. 12. 2025 жыл 

Қатысқандар: 8 сынып оқушылары,тарих пәні мұғалімі Қонқабаев Н.

Көрменің мақсаты – Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын түсіндіру, тәуелсіздік жолындағы жастардың ерлігі мен батырлығын дәріптеу, ұлттық рухты, отансүйгіштік сезімді нығайту және тарихи оқиғаларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2025 жылы желтоқсан  айының 10–шы жұлдызында  мектеп кітапханасында «Желтоқсан – тәуелсіздік рухы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 8 -сынып оқушылары қатысып, сынып жетекшісі іс-шараға қолдау көрсетті. Көрмені мектеп кітапханашысы таныстырып, Желтоқсан оқиғасының тарихы, халықтың ерлігі мен тәуелсіздікке жету жолындағы маңызын түсіндірді. Оқушылар ұсынылған кітаптармен танысып, еліміздің азаттыққа деген ұмтылысы жөнінде маңызды мәліметтер алды.Оқушылар көрме арқылы Желтоқсан оқиғасының тарихи мәнін тереңірек түсініп, тәуелсіздік жолында жасалған ерліктің қаншалықты қастерлі екенін атап өтті. Олар бұл оқиға – тек тарих емес, бүгінгі еркіндіктің бастауы екенін, оны білу әрбір азаматтың парызы екенін айтты. Көрмені тамашалау оқушыларға ұлттық рух пен отансүйгіштік сезімін нығайта түсті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: