«Кітап және цифрлық әлем» челленджі
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы»
«Кітап және цифрлық әлем» челленджі
Мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы рухани-танымдық деңгейін көтеру.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебімізде «Кітап және цифрлық әлем» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды.Челлендж барысында 8–9-10 сынып оқушылары өздері оқыған шығармалары бойынша бейнежолдау жасап, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Атап айтқанда, оқушылар Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа», С.Досжан «Ауылдан шыққан миллионер», Ш.Мұртаза «Интернат наны», Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты», Д.Исабеков «Гауһар тас», М.Әуезов «Абай жолы» шығармаларын таныстырды. Оқушылар цифрлық форматта (бейнеролик, онлайн жолдау) өз ойларын жеткізіп, кітап пен заманауи технологияның байланысын көрсетті. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өзара челленджді жалғастыру арқылы кітап оқуға шақырды. Қорытындысында бұл челлендж оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, цифрлық сауаттылығын дамытуға да оң ықпал етті.
